2016 жылғы 27 қаңтар, Астана қаласы
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда №10194 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланды):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына енгізілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
__________________ Ж.Қасымбек
2016 жылғы 28 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы №32 бұйрығына 1-қосымша
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және реттеуші мемлекеттік органдардың өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізуді тиісті саладағы (аядағы) реттеуші мемлекеттік орган электрондық нысанда жүзеге асырады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өзін-өзі реттейтін ұйым (бұдан әрі - ӨРҰ) – қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақтығы қағидаты бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті не міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым;
2) ӨРҰ қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) – ӨРҰ және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;
3) ӨРҰ стандарты (бұдан әрі – стандарт) – ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) бірыңғай және міндетті қағидаттарды, олардың тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және қызмет түріне сипаттаманы көп рет пайдалану үшін талаптарды белгілейтін құжат;
4) ӨРҰ тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – ӨРҰ деректемелері, олар жүзеге асыратын қызмет түрлері, олардың филиалдары туралы мәліметтерді қамтитын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген хабарламалардың негізінде қалыптастырылатын ӨРҰ тізбесі;
5) өзін-өзі реттеу – Заңда көзделген, жеке және заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын, өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекітуге, олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі реттеу субъектілерінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз етуге негізделген кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметті өз бетінше реттеуге бағытталған шаралар кешені;
6) өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) реттеуші мемлекеттік органдар – өзін-өзі реттеу енгізілген немесе оны енгізу жоспарланған, жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
8) рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталы (бұдан әрі – сыртқы портал) – жеке және заңды тұлғаларға Интернет желісі арқылы лицензиялау бөлігінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай қолжетімділік нүктесін, рұқсат беру рәсімдерін және хабарлама тәртібін ұсынатын рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
2. Тізілімді жүргізу тәртібі
1-параграф. ӨРҰ туралы мәліметтерді енгізу тәртібі
3. Тізілімді жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы ӨРҰ Тізілімінен үзінді жіберу;
2) Тізілімді өзектілендіру (жаңарту).
Тізілімді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір реттеуші мемлекеттік орган жүргізеді.
Тізілім қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
4. ӨРҰ қызметін бастау, сондай-ақ тоқтату үшін негіз Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 тіркелген «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Бұйрық) нысан бойынша реттеуші мемлекеттік органға жіберілген ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама болып табылады.
ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда немесе реттеуші органның кеңсесіне қағаз нысанда коммерциялық емес ұйым жібереді.
Коммерциялық емес ұйым ӨРҰ қызметті тоқтатқаны туралы хабарлама жіберген жағдайда оған мынадай құжаттар:
ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесі;
заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
5. Егер кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген бір ӨРҰ болуы көзделсе, онда мұндай ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, мүшелері (қатысушылары) өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы көлемнің жартысынан артығын өндіретін және олардың саны нақты саладағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының кемінде үштен бірін құрайтын коммерциялық емес ұйымнан немесе ӨРҰ қабылданады.
Егер кәсіби қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген бір ӨРҰ болуы көзделсе, онда мұндай ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, нақты саладағы кәсіптік қызмет субъектілерінің жалпы санының жартысынан артық саны бар коммерциялық емес ұйымнан немесе ӨРҰ қабылданады.
Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, өзін-өзі реттеу енгізілген саладағы кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті мүшелігіне (қатысуына) негізделген ӨРҰ қызметті жүзеге асыруын бастауы үшін коммерциялық емес ұйымнан ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама келіп түскен жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган осындай хабарламаны қабылдайды.
ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдау Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды, оның ішінде қағаз жеткізгіште хабарламаларды беру мүмкіндігін іске асыру мақсатында реттеуші мемлекеттік орган өзінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қабылдау уақыты және ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдау жүзеге асырылатын мекенжай туралы ақпаратты қамтитын жұмыс кестесін орналастырады.
Ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
7. Хабарламада көрсетілген заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның заңды мекенжайы, қызметті жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ олар туралы ақпарат хабарламада толтырылуы үшін міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда өтініш беруші он жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама береді. Хабарламаны қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде реттеуші мемлекеттік орган тиісті мәліметтерді Тізілімге енгізеді.
8. Реттеуші мемлекеттік орган ӨРҰ туралы мәліметтерді Тізілімге енгізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы тізілімнен үзінді көшірме нысаны бойынша Міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы тізілімнен үзінді көшірме жолдайды.
9. Тізілімге мәліметтерді енгізу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мынадай әдістермен:
1) коммерциялық емес ұйым немесе ӨРҰ сыртқы портал арқылы ұсынған электрондық нысандағы хабарламалар негізінде автоматты түрде;
2) коммерциялық емес ұйым немесе ӨРҰ қағаз нысанда ұсынған хабарламалар негізінде хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдар;
3) заңды тұлғаның қызметіне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша ӨРҰ қызметті тоқтатқаны туралы жіберілген хабарлама негізінде қызметті сот тоқтата тұрған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
2-параграф. Тізілімді өзектілендіру (жаңарту)
10. Тізілімді өзектілендіру (жаңарту):
осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мәліметтер мен құжаттарды ӨРҰ-ға жіберуді;
осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша Тізілімнен ӨРҰ туралы мәліметтерді алып тастауды көздейді.
Коммерциялық емес ұйым ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген кезде ӨРҰ туралы мәліметтерді одан әрі өзектілендіру (жаңарту) мақсатында ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы үзінді көшірме алғаннан кейін екі ай ішінде реттеуші мемлекеттік органға мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдері, мынадай құжаттардың:
Заңда көзделген мәліметтерді қамтитын ӨРҰ жарғысының;
уәкілетті және реттеуші мемлекеттік органмен келісілген, ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында бекітілген ӨРҰ қағидалары мен стандарттарының;
коммерциялық емес ұйымның өздері өндірген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тұтынушылары және басқа адамдар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілінің болуын растайтын құжаттардың;
кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама жолданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӨРҰ қағидаларына және стандарттарына берген қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналарының түрлері және көлемі туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
ӨРҰ туралы мәліметтер мыналардың:
1) ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ біріктіру, қосу, бөлу немесе бөліп шығару нысанында жүргізілген ӨРҰ-ны тарату немесе ӨРҰ-ны қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
2) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде Тізілімнен алып тасталады.
ӨРҰ туралы мәліметтерді өзге негіздер бойынша Тізілімнен алып тастауға жол берілмейді.
11. ӨРҰ сот шешімі немесе ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімі бойынша таратылған жағдайда ӨРҰ өз қызметін тоқтатқаны туралы хабарламаны реттеуші мемлекеттік органға сот шешімі заңды күшіне енген немесе шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.
ӨРҰ өз қызметін тоқтатқаны туралы хабарлама жолдаған кезде реттеуші мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде осындай ұйымды Тізілімнен алып тастайды.
12. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаған жағдайда реттеуші мемлекеттік орган бір айдың ішінде міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді жүргізу тиімділігі тұрғысына реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу алып тасталады.
13. ӨРҰ бекітілген қағидалары мен стандарттарының, сондай-ақ өздері өндірген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тұтынушылары және өзге тұлғалар алдында мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір тәсілінің болуы Тізілімді өзектілендіру (жаңарту) кезінде және ӨРҰ қызметінің барлық мерзімі ішінде міндетті болып табылады.
Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген ӨРҰ қойылатын қосымша талаптар өзін-өзі реттеуді жүргізуді көздейтін заңнамалық актілерде белгіленеді.
3-параграф. Тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсыну
14. Тізілім реттеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.
15. Тізілімде қамтылған мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі
Тізілім жазбасының нөмірі Мәліметтерді енгізу күні ӨРҰ толық атауы және оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ӨРҰ-ға мүшелік (қатысу) (ерікті немесе міндетті) туралы мәліметтер ӨРҰ қызметінің саласы ӨРҰ-ға берілген мемлекеттік функцияның атауы
1 2 3 4 5 6
кестенің жалғасы
ӨРҰ жарғысы туралы мәліметтер Бекітілген қағидалар туралы мәліметтер* Бекітілген стандарттар туралы мәліметтер * Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету әдістері туралы мәліметтер ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналары жөніндегі мәліметтер
Түрлері Көлемі
7 8 9 10 11 12
кестенің жалғасы
ӨРҰ мүшелері (қатысушылары) туралы мәліметтер
Қызмет түрі Жеке тұлғалар үшін Жеке кәсіпкерлер үшін Заңды тұлғалар үшін
Аты-жөні, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Жеке тұлғаның заңды мекенжайы Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) Жеке тұлғаның заңды мекенжайы Ұйымдың құқықтық нысаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірі Орналасқан жерінің мекенжайы
13 14 15 16 17 18 19 20
кестенің жалғасы
ӨРҰ интернет-ресурсының мекенжайы (бар болған жағдайда) ӨРҰ-ға өз мүшелігін тоқтатқан (мүшелікті тоқтату негізінде) мүшелер туралы мәліметтер Өзге мәліметтер
21 22 23
Ескерту:
*- кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген ӨРҰ құрылған жағдайда аталған қағидалар мен стандарттарды уәкілетті және реттеуші органмен келісу бойынша ақпарат та көрсетіледі.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндетті немесе ерікті мүшелігіне (қатысуына)
негізделген қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен үзінді
Осымен,
_______________________________________________________________________________________________
(реттеуші мемлекеттік органның толық атауы)
_______________________________________________________________________________________________
(өзін-өзі реттейтін ұйымның толық атауы)
өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы хабарлайды.
Лауазымы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(қолы)
Мөр орны Күні: 20__жылғы «___» _______.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 3-1-қосымша
Нысан
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
1. ___________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
2. Осымен ____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)
мыналар:
өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны ___________________
өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті тоқтатқаны туралы
_______________________________________________________________
мыналардың:
заңды тұлғаның орналасқан жерінің ________________________________
жеке тұлғаның заңды мекенжайының _______________________________
қызметті іске асыру мекенжайының ________________________________
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
хабарламада көрсетілген деректердің* ______________________________
_______________________________________________________________
_______________________________ өзгеруі туралы хабарлайды.
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы немесе жеке тұлғаның заңды мекенжайы
_______________________________________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
4. Интернет-ресурс мекенжайы (бар болған жағдайда) ________________________________________________
5. Электрондық пошта ___________________________________________________________________________
Ескерту:
* Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгерген кезде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның бұрынғы толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
6. Телефондар __________________________________________________________________________________
7. Факс ________________________________________________________________________________________
8. Көрсетілетін қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) ______________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
9. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігі (қатысуы) туралы мәліметтер:
ерікті _________________________________________________________________________________________
міндетті _______________________________________________________________________________________
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
10. Өзін-өзі реттеуге берілген мемлекеттік функцияның атауы
_______________________________________________________________________________________________
11. Коммерциялық емес ұйымның мүшелері (қатысушылары):
1. ___________________________________________________________________________________________
2. ___________________________________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін (бар болған жағдайда) және оның заңды мекенжайы, сондай-ақ заңды тұлға үшін ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасу орны көрсетіле отырып, коммерциялық емес ұйымның әрбір мүшесінің (қатысушысының) толық атауы көрсетіледі)
12. Қосымша мәліметтер _________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін ақпарат көрсетіледі)
13. Хабарламаға:
қызметті бастау үшін:
құрылтай шартының көшірмесі ___________________________________________________________________
өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығында өндірілген көлемнің жартысынан артығының болуын растайтын құжаттар, сондай-ақ бір ғана ӨРҰ болуы көзделген кәсіпкерлік қызмет саласында ӨРҰ қызметінің басталғаны туралы хабарлама жолданған жағдайда, нақты салада кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан үштен кем емес санының болуын растайтын құжаттар ______________________________________________________
қызметті тоқтату үшін:
ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ қайта ұйымдастыру немесе жою туралы шешімдерінің көшірмесі __________________________________________________________________ заңды күшіне
(құжаттар атауы мен парақтар саны көрсетіледі)
енген сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
14. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру ________ басталады (уақыты және күні)
15. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру ________ тоқтатылады (уақыты және күні)**
Осы өтінімді бере отырып, өтінім беруші төмендегілерді растайды:
барлық көрсетілген деректер ресми болып табылады және қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша оларға кез келген ақпарат бағыттала алады;
Ескерту:
** бұл жол егер Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды тоқтату уақыты және күні туралы ақпарат ұсыну белгіленген жағдайда ғана толтырылады.
барлық қоса берілген құжаттар түпнұсқаларға сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтінім беруші қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды бастағанға дейін және одан кейін орындау үшін міндетті болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Аталған хабарламаны бере отырып, өтінім беруші ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы үзінді көшірме алғаннан кейін екі ай ішінде реттеуші мемлекеттік органға мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдері, мынадай құжаттардың:
Заңда көзделген мәліметтерді қамтитын ӨРҰ жарғысының;
уәкілетті және реттеуші мемлекеттік органмен келісілген, ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында бекітілген ӨРҰ қағидалары мен стандарттарының;
коммерциялық емес ұйымның өздері өндірген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тұтынушылары және басқа адамдар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілінің болуын растайтын құжаттардың;
кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама жолданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӨРҰ қағидаларына және стандарттарына берген қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналарының түрлері және көлемі туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
16. Өтінім беруші _______________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Беру күні және уақыты: 20__ жылғы «___» _______ «__» сағат «__» минут.
17. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген тұлға_______________________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
_________________________________________________________________________________________
Сенімхат нөмірі және күні
Беру күні және уақыты: 20__ жылғы «___» _______ «__» сағат «__» минут.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13309 болып енгізілді.